2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды

13 қыркүйекте, Жапонияның Токио қаласында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты басталды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Алғашқы жүлделер 35 шақырымдық спорттық жүрісте сарапқа салынды.

Әйелдер арасында бұл бағдарламада ел намысын екі спортшымыз қорғады. Полина Репина 35-орынға ие болды. Галина Якушева қашықтықты аяқтай алмады.

Испаниялық Мария Перес жеңіске жетті. Екінші орынды италиялық Антонелла Пальмизано иеленсе, Эквадор спортшысы Паула Торрес қола медальға қол жеткізді.