Жасанды интеллект адамзаттың досы ма, жауы ма?

Цифрлық дәуір тарихтың ескі беттерін қайта парақтап жатыр. Әлеуметтік желілерде жасанды интеллект көмегімен жасалған тарихи видеолар кеңінен танымал бола бастады. ЖИ тек бейнені қозғалтып қана қоймайды, оқиғаға жан бітіріп, сол кезеңнің тынысын жеткізеді. Алайда осындай әсерлі көріністер мен ақпарат тасқынының арасында бір сұрақ туындайды: біз өткенді тануда шындыққа жақындаймыз ба, әлде иллюзияның құрбанына айналамыз ба?

ғаламтордан

NEGE тілшісі Алматы қаласындағы Азаматтық Авиация Академиясы жанындағы колледждің биология пәні мұғалімі, жаратылыстану ғылымының магистрі Дәулет Мәлікұлымен сұхбаттасып, ЖИ технологиясының сабақ үрдісіне әсері туралы сұрады.

Фото: Жеке мұрағатынан

Дәулет, жасанды интеллект құралдары тарихты көрсетуде жиі қолданылып жүр. Сіз мұғалім ретінде бұған қалай қарайсыз?

– Бұл өте қызықты құбылыс. Қоғамда мұндай бейнелер әртүрлі реакция туғызуы мүмкін – бірі құптаса, екіншісі күмәнмен қарайды. Менің ойымша, бұл – жас ұрпақпен тіл табысудың, оларға тарихты жаңа форматта жеткізудің тиімді жолы. Қазіргі жастар көбінесе ақпаратты визуалды түрде қабылдайды. Сондықтан ЖИ көмегімен жасалған бейнелер олардың назарын аударып, тарихи тұлғалар мен оқиғаларға деген қызығушылығын арттырады. Бүгінгі ұрпақ – бейнелі ұрпақ. Олар ақпаратты мәтін түрінде емес, көрініс арқылы қабылдайды.

Фото: ЖИ видеодан скрин

– Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі өмір, 1930-жылдардағы ашаршылық сияқты тарихи оқиғалар әлеуметтік желіде қызығушылық туғызады. Оқушыларға әсері қандай?

– ЖИ болашақтың басты құралы бола ала ма?

– Менің ойымша, жасанды интеллект арқылы жасалған бейнелер жай тренд емес, бұл – оқушының таным әлеміне жол тарту. Бүгінгі сабақтар енді жай ғана тақта мен бор емес. Бұл – ой мен образдың, технология мен білімнің тоғысқан алаңы. Мұғалімнің міндеті – осы құралдарды дұрыс пайдаланып, баланың таным көкжиегін кеңейту.

Жасанды интеллект егер дұрыс бағытталса, баланың ішкі әлеміне терезе ашатын кілтке айнала алады. Бірақ ол этика мен заң аясында қолданылуы қажет. Біз, ұстаздар, ЖИ-ді білім беру құралы ретінде жауапкершілікпен пайдалануымыз керек. Бұл – оқушының ойлау қабілетін дамытуға, танымын кеңейтуге жол ашатын мүмкіндік. Технологияны дұрыс қолдана алсақ, оның пайдасы өте зор.