Жасанды интеллект министрлігінің қалай құрылатыны белгілі болды

Жаңа жасанды интеллект министрлігі қазіргі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі базасында құрылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қазіргі цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі негізінде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатын болады.

“Бұл ретте инновациялық саясат жөніндегі функциялар ғылым және жоғары білім министрлігіне берілетін болады. Жарлықтың жобасы әзірленді, мемлекеттік органдардың келісуінде жатыр”, - деді Ж.Мәдиев.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында елімізде жаңа министрлік құруды тапсырған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Жаһандық саммит аясында Мәжіліс спикері екіжақты кездесулер өткізді

Қаракемердің балаларын шыр айналдырған не қара күш?

ШҚО-да кәсіпкер әлеуметтік тауарды 127% үстемемен өзіне-өзі қайта сатқан

Сыртқы істер министрлігі қажылық алдында ықтимал қауіптер жөнінде ескертті