«Жәнібекке қиын болады» – Америкалық журналист АҚШ-тағы кедергі туралы айтты

Yahoo! Sports шолушысы Кевин Айол «АҚШ-та Жәнібекке қиын болады» деген пікірде.

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы Zara Sport телеграм каналы хабарлады.

«Жәнібекті орта салмақтағы ең үздік боксшы деп санаймын. Онымен кездесуге құлшынатындар көп емес, кездесу өте қиын болады. Өйткені оның деңгейі өте жоғары. Сондай-ақ Жәнібекті АҚШ-та көпшілік танымайды. Оны жеңген күнде де бұл керемет сенсация болмайды», – деп есептейді Кевин Айол.

Естеріңізге салайық, өткен жылы Жәнібек Әлімханұлы Стивен Батлерді нокаутқа түсіріп, WBO және IBF белбеулерін біріктірді.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда әскери бөлім командирі сарбаз өліміне байланысты сотқа тартылмақ

Атыраудағы отбасы қазасы: қызы туыстарының өліміне қатысы жоқ деп танылды

Ұлттық Банк Avtobys жүйесіне қатысы бар компанияны төлем ұйымдарының тізілімінен шығарды

Атыраулық кәсіпкерлер базарды көшіруге наразы