Жәнібек Әлімханұлының жекпе-жегі өтпейтін болды

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы 7 желтоқсан күні АҚШ-тың Техас штатында кубалық Эрисланди Ларамен қолғап түйістірмейтін болды.

жеке парақшасынан

Астана, NEGE.Үш чемпиондық белбеуді сарапқа салатын кездесу кейінге қалды. Ерікті допингке қарсы VADA ұйымы қазақстандық боксшының допинг сынамасынан тыйым салынған мельдоний препараты табылғанын хабарлады.

Осы жағдайға байланысты Жәнібек Әлімханұлының командасы ресми мәлімдеме жасады. Олардың айтуынша, қазір менеджерлер мен заңгерлер жұмыс істеп жатыр және қайта анализ тапсыруға өтініш жасаған.

«Бұрын алынған сынаманың екінші нұсқасын да тексерту және зертханадағы процестер бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мамандардан жауап күтіп отырмыз», – делінген хабарламада.

WBO-да ресми мәлімдеме жасады. Олардың хабарлауынша, қазір ішкі тергеу жүргізіліп жатыр екен. Бәрі аяқталғаннан кейін ұйым тарапынан қосымша ақпарат беріледі.

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған