USD
USD
USD

Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасынан тыйым салынған зат табылды

WBO және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жек алдында тапсырған допинг тестінен өте алмады.

Жәнібек Әлімханұлының Instagram парақшасынан
Фото: Жәнібек Әлімханұлының Instagram парақшасынан

Астана, NEGE. BoxingScene мәліметінше, ерікті допингке қарсы қауымдастық VADA боксшының сынамасынан тыйым салынған мельдоний препаратын анықтаған. 

Боксшы болса әрқашан таза спортты қолдайтынын және қайта сынама тапсыратынын айтты.

«Жаңалықты оқып өзім де таңғалдым. VADA бірінші рет анализ алып, бәрі таза деген. Витаминдеріме де, тамағыма да еш өзгеріс енгізген жоқпын. Екінші тестте мұндай нәтиже қалай шыққанын түсінбей отырмын. Біз қайта анализ тапсыруды сұрадық. Қазір жауабын күтіп отырмыз», – деді ол Instagram парақшасында.

Қазақстандық боксшы осы жексенбіде АҚШ-тың Техас штатында Эрисланди Ларамен орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық кездесу өткізуі тиіс болатын.

Қазір оқып жатыр

«Қазақмыстағы» наразылықтан кейін топ-менеджер жұмыстан шеттетілді

.

Шымкентте хиджаб киген қыздың сөмкесінен 2 келі есірткі табылды

Есірткі

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

Қазақстандық студент қазасы

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы Ресейде сырттай қамауға алынды

Азамат Қапенов