Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына кірді

Boxingscene.com тілшісі Стивен Эдвардс салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең мықты боксшыларының тізімін жасады, деп хабарлады Sports.kz.

Sports.kz

Алматы, NEGE. Бұл тізімге WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 КО) да кірді. Ол 20-шы орында тұр.

P4P-рейтингінің көшбасшысы ретінде Эдвардс америкалық былғары қолғап шебері Теренс Кроуфордты (41-0, 31 КО) таңдаған.

Сонымен қатар, үздік бестікке украиналық Александр Усик (23-0, 14 КО), жапониялық Наоя Иноуэ (29-0, 26 КО) мен ресейлік боксшылар Дмитрий Бивол (24-1, 12 КО) және Артур Бетербиев (21-1, 20 КО) кірді.

Ал әлемдік бокстың бет-бейнесі саналатын мексикалық Сауль Альварестің (62-2-2, 39 КО) рейтингіде 8-ші орында тұрғаны айтылған.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?