Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегі жайында жазба жариялады

WBO және IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы алдағы жекпе-жегі жайында мәлімдеме жасады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Шетелдік инсайдер көздерінің ақпараты бойынша былғары қолғап шебері 6 желтоқсанда WBA белбесуін жеңіп алу үшін кубалық Эрисланди Ларомен қолғап түйістіреді. «Kazakh style» атанған Жәнібек бірнеше айдан кейін рингке қайта оралуды мақсат етіп отыр.

Қазіргі уақытта Жәнібек АҚШ-та алдағы айқасына дайындығын бастап кетті. Ол жекпе-жектің сәтті өтетініне толық сенімді екенін жеткізді.

– Жақында... жеңіл жұмыс, - деп жазды Жәнібек Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алдағы жекпе-жек Жәнібек Әлімханұлы үшін 2025 жылдағы өткізген екінші айқасы болмақ. Астана қаласында сәуір айында өткен жекпе-жекте ол франциялық Анауэля Нгамиссенгені нокаутқа жіберген еді.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысының тұрғыны күйеуін қызғанғаны үшін 544 мың теңге айыппұл арқалады

Танымал қазақстандық блогер Моңғолия Президентімен кездесті

Қазақстан мен Моңғолияны жалғайтын автожол салынады

Қазақстандық жігіт Дубайда өмір бойына сотталды