Жанармай бағасы қымбаттайды

Ұлттық экономика министрлігі жанармай акцизы құнының 10 теңгеге қымбаттайтын уақытын атады. ҰЭМ қазан айында жариялағандай, Қазақстанда жанармай бағасын 10 теңгеге өсіру жоспарланған.

Алматы, NEGE. Баға өсімі 2019 жылдың бірінші желтоқсанынан бастап жүргізілуі керек болған, алайда Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бензин акцизіне қатысты 2019 жылы ешқандай өзгеріс болмайтындығын мәлімдеген. Акциз құнын не себептен өсіреді ҰЭМ бұл сауалға қатысты 2 себепті атап көрсетті:

Бюджет шығындары өсті, сондықтан бюджет консолидациясы қажет, оның ішінде акциздың фискалды қызметтері арқылы жүргізілетіндері; 

Шекаралық аймақтарда ресейліктер Қазақстан территориясынан арзан бағада жанармай алады, бұл өз кезегінде Ресей экономикасын субсидиялау дегенді білдіреді.

Жанармай бағасының қымбаттауы көлік қолданылатын барлық саладағы қызмет түрлерінің бағасының өсуін білдіреді. Бүгін аталған мәселеге қатысты Сенат депутаттары Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовқа сұрақ қойған еді. Министр жанармай бағасының 10 теңгеге қымбаттауы инфляцияға, шағын және орта бизнес өнімдеріндегі акциз құнының өсуіне айтарлықтай әсер етпейді деп жауап берді.   
 

Қазір оқып жатыр

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Мәскеу түбіндегі «Крокус сити холлдағы» теракт: айыпталушыларға үкім шықты

Тоқаев: Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ