Жаңаөзенде қыз алып қашқан 5 адам сотталды

Жаңаөзенде қызды некеге мәжбүрлеу мақсатында алып қашу ісі бойынша бес адамға үкім шықты.

pixabay.com

Астана, NEGE. Оқиға 16 желтоқсан күні болған, деп жазады Lada.kz. Сол күні бес ер адам қыз алып қашқан.

«Сот үкімімен айыпталушылар Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-1-бабы 2-бөлігінің 1 және 4-тармақтары бойынша (алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобының күш қолданумен некеге тұруға мәжбүрлеу) кінәлі деп танылды», – делінген хабарламада.

Қыз алып қашуға қатысқан бес адамның әрқайсысына үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, Қазақстанда қыз алып қашу қылмыс болып саналады. Тиісті заңға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 16 шілдеде қол қойды. Заңда қыз алып қашқан немесе қызды тұрмысқа шығуға мәжбүрлеген адамға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Ресей Қазақстанның Германияға тасымалданатын мұнай экспортын тоқтатуы мүмкін

«Шетелдіктер қарумен ұсталды»: полиция депутаттың мәлімдемесін теріске шығарды

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты