USD
USD
USD

Қыз алып қашу енді қылмыс болып саналады: Президент тиісті заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Қыз алып қашу
Фото: фильмнен кадр

Астана, NEGE. Заңмен Қылмыстық, Қылмыстық-процестік, Қылмыстық-атқару кодекстеріне, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне, «Жедел-іздестіру қызметі туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» және басқа да заңдарға түзету енгізілді.

Түзетулердің бірінші блогы қылмыстық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Түзетулердің екінші блогы қылмыстық заңнаманы жетілдіруді және кейбір қоғамдық қауіпті әрекеттер үшін жауапкершілікті арттыруды көздейді. Түзетулердің үшінші блогы қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, қылмыстық процесті оңтайландыруға бағытталған. Түзетулердің төртінші блогы қылмыстық-атқару заңнамасын жетілдіруге арналған.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Енді сталкинг (біреуді жүйелі түрде аңду, қыр соңынан қалмау, мазасын алу) – 50 тәулікке дейін қамауға әкеп соғады. Қыз алып қашу немесе тұрмысқа шығуға мәжбүрлеген жағдайда 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Ауыл шаруашылығы министріне азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуды тапсырды

Тоқаев, Сапаров

ҰҚК Атырау әкімінің тағы бір орынбасарына қатысты тергеу жүріп жатқанын растады

Тілек Махуов

Съезд «Әділет» партиясының Жарғысына ауқымды өзгерістерді бекітті

«Әділет» партиясы

Астана маңында төрт адамды өлтірген ер адам түрме жазасынан босатылды

адам өлімі