1 декабря 2025 г. 13:05

Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасы қымбаттай ма?

Фото: apteka.ru

Қазақстанда азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін ірі импорттаушылар мен жеткізушілерге желтоқсан айында бағаны көтермеу міндеті қойылмақ. Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Астана, NEGE. Инфляцияны тежеу шараларын талқылау барысында, комитет ірі импорттаушылар мен азық-түлік жеткізушілерін анықтап, олармен бағаларды тұрақтандыру мәселесін қарастыру үшін кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, республикалық «Береке fest» акциясы жаңа жыл қарсаңында тағы ұйымдастырылмақ. Жәрмеңкелерде азық-түлік бағасы тұрақты деңгейде сақталады деп күтілуде.

Ұлттық экономика министрлігі Cауда министрлігі мен әкімдіктерге баға мониторингін тұрақты жүргізіп, кез келген өзгерістерге жедел әрекет етуді тапсырды.