Жамбыл облысындағы әскери бөлімшеде қарауыл бастығы оққа ұшты

Желіде Жамбыл облысындағы әскери бөлімде қарауыл бастығы оқ жарақатынан қаза тапқаны туралы ақпарат тарады.

pixabay.com

Астана, NEGE. Telegram-дағы Shyndyk.kz арнасының хабарлауынша, Ішкі істер министрлігі  ведомстволық күзет қызметкері карабиннен байқаусызда оқ атып, қарауыл бастығын жаралаған.

«Екеуі де әскери қызметшілер емес, Ішкі істер министрлігі Әскери тергеу басқармасының қызметкерлері», – делінген жазбада.

Оқиға 15 наурыз күні кешкі 19:30 шамасында болған. 

Оқ жарақатын алған қызметкерді ауыр халде Гвардейский ауылындағы әскери госпитальге жеткізген, алайда дәрігерлер оның сағат 20:18-де көз жұмғанын мәлімдеді.

Бұл ақпаратты ІІМ баспасөз қызметі растады.

«Жамбыл облысында әскери күзеттегі азаматтық қызметшінің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы қажетті тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралардың қорытындысы негізінде анықталады», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Бұған дейін Атырау облысындағы полигондардың бірінде мерзімді әскери қызметші оқ жарақатынан көз жұмғанын жазған едік.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады