Жамбыл облысында мектептегі буллинг үшін үш ата-анаға айыппұл салынды

Мойынқұм аудандық сотында буллингке қатысты үш әкімшілік іс қаралды.

freepik.com

Астана, NEGE. Сот дерегінше, 2025 жылғы желтоқсанда Жамбыл ауылындағы орта мектепте үш жасөспірім қатарластарына жүйелі түрде қысым көрсетіп, әртүрлі жұмыстарға тарту арқылы буллинг жасаған.

Жәбірленуші оқушылардың ата-аналары сотқа жүгініп, кінәлілерді жауапқа тартуды сұраған.

«Құқық бұзушылардың кінәсі хаттамалармен, хабарламалармен, жәбірленушілер өкілдерінің жазбаша арыздарымен және түсініктемелерімен расталды», – делінген сот хабарламасында.

Сотта үш баланың ата-аналары кінәларын мойындап, кешірім сұрап, болашақта мұндай жағдайларға жол бермейтінін айтты.

Сот әрбір ата-анаға 10 АЕК мөлшерінде (43 250 теңге) айыппұл тағайындады.

Қаулылар заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады

KAZ Minerals шахтасында тау жынысы опырылып, жұмысшы қаза тапты

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?