Жамбыл облысында комаға түскен сарбаз есін жиды

Қостанайлық әскерге шақырылған сарбаздың есін жиғаны туралы ақпаратты іздеу жасағының еріктілері жеткізді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы бір күн бұрын әлеуметтік желіде жарияланған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанайдан әскерге шақырылған сарбаздың ес-түссіз күйге түскені туралы хабар 2024 жылдың маусым айында шыққан болатын. Сол кезде науқаста оң жақта плеврит, 3-4 дәрежелі инфекциялы-токсикалық шок, мидың гипоксиялық ісінуі, церебральды кома, клиникалық өлімнен кейінгі жағдайы анықталды. Дәрігерлер кеуде қуысының доғалы жарақаттанғанын атап өтті.

Артынша интернет желісінде сарбаздың ата-анасының ҚР Президентіне арнаған видеоүндеуі пайда болды. Өз кезегінде Мемлекет басшысы аталған оқиағаны жан-жақты тексеруді талап етті.

Кейін әскери қызметші кіші сержант Д. Д. Тұрланға қатысты «Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қорғаныс министрлігі сарбаздың ауруының себебі мен оның қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған күдіктімен байланысы бар-жоғы тергеу барысында анықталатынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Brent мұнайының баррелі 103,91 долларға дейін өсті

Қазақстандықтардың 87,15 пайызы жаңа Конституцияны қолдап дауыс берді

Полицейлер «Қайрат» пен «Ақтөбе» жанкүйерлеріне ескерту жасады

Рахат Тұрлыхановтың әйелін соққыға жықты деген күдікпен ұсталғаны жайында ақпарат тарады