Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен табылған сәбидің анасы полицияға жеткізілді

Жамбыл облысында полицейлер қоқыс контейнерінен табылған жаңа туған нәрестенің анасын тапты.

gov.kz

Астана, NEGE. Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, жаңа туған нәрестені өміріне қауіп төндіретін жағдайда қалдырған әйелді полиция қызметкерлері қысқа мерзім ішінде анықтаған.

«Әйел полиция бөліміне жеткізіліп, кінәсін мойындап, түсініктеме берді.

Сотқа дейінгі тергеу жан-жақты әрі толық жүргізілген соң тиісті процестік шешім қабылданады», – делінген полиция хабарламасында.

Еске салсақ, бүгін Жамбыл облысы Қордай ауданындағы қоқыс контейнерлерінің бірінен жаңа туған нәресте табылғаны туралы ақпарат тараған еді. Полиция қызметі бұл ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем қызметкерлері нәрестеге алғашқы көмек көрсетіп, оны бірден ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер жаңа туған қыздың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.