Жамбыл облысында қоқыс контейнерінен жаңа туған нәресте табылды
Желіде Жамбыл облысының тұрғындары қоқыс контейнерінің ішінен жаңа туған сәбиді тауып алғаны жөнінде ақпарат тарады. Облыстық полиция қызметі ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Астана, NEGE. Оқиға куәгерлері дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақыртқан.
Медицина қызметкерлері нәрестеге алғашқы көмек көрсетіп, оны бірден ауруханаға алып кеткен Қазіргі уақытта бала медициналық мекемеде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап, өміріне қауіп жоқ екенін хабарлады.
Полиция қызметкерлері жаңа туған нәрестені қауіп-қатерде қалдыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
«Баланың анасын және болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары кешені жүргізіліп жатыр», – деп мәлімдеді облыстық полиция өкілдері.
Еске салсақ, биыл 23 мамырда Ақтөбе тұрғындары Тургенев көшесіндегі қоқыс маңынан жаңа туған баланы тауып алған. Ақтөбе облыстық полиция қызметі ақпаратты растап, нәресте дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілгенін хабарлады.