Жамбыл облысында есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Жамбыл облысында есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

полиция

Алматы, NEGE. Ұзақ мерзім бойы жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде есірткі таратуға қатысы бар алты адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Ұстау операциялары мен тінту әрекеттері бір мезгілде Тараз қаласында және Жамбыл ауданының жеті нүктесіндегі мекенжайлар бойынша өткізілді.

Барлығы шамамен 1 келі гашиш есірткі заты және 4 келі кептірілген марихуана тәркіленді. Сондай-ақ марихуананы тұтынуға арналған қолдан жасалған құрылғы (булбулятор) табылды. Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы ірі мөлшердегі есірткі құралдарын сату мақсатында дайындап, сақтап, тасымалдаумен айналысқан.

Қазіргі уақытта оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Жедел-іздестіру іс-шараларын облыстың полиция қызметкерлері ҚР ІІМ-нің профильдік комитетімен және Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп жүргізді.

Қазір оқып жатыр

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады