Жалақы үшін 9 рет қақтығыс болған

Қазақстанда биылғы жылы еңбек дауына қатысты 9 оқиға тіркелген. Олардың жетеуі мұнай-газ және мұнай өнімдерін өңдеумен айналысатын шетелдік кәсіпорындар орналасқан еліміздің батыс өңірінде тіркелген.

Алматы, NEGE. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов үкімет отырысында жасаған баяндамасында мәлімдеді. Министрдің айтуынша, еңбек инспекторлары мен прокуратура қызметкерлері бірлесе жүргізген тексерістер барысында еліміздегі 95 кәсіпорынның жұмысы тексеріліп, 930 заңбұзушылық анықталған. Сондай-ақ, 474 жергілікті және шетелдік жұмысшылар арасында жалақы мәселесі теңестіріліп, елімізден 393 шетелдік жұмысшы шығарылған.

Қазіргі таңда министрлік тарапынан шетелдік жұмысшыларға берілетін квотаны азайту, мамандығына сай шет ел мамандарын шақырту және жұмысберушілерге үшінші-төртінші категорияға сай шақыртылған шетелдік жұмыс күшін жергілікті азаматтармен ауыстыру міндетін енгізу секілді бірқатар заңдық түзетулер енгізілген.

Шетелдік жұмыс күші мен жалақы мәселесіне қатысты дау туындайтын қауіпті аймақтар ретінде Нұр-Сұлтан қаласы, Маңғыстау, Ақтөбе және Атырау облыстары тіркелген.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты