Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қарағандылыққа сот үкімі шықты

Қаржылық мониторинг агенттігі Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісінің жолын кесті.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Тергеу барысында күдіктінің «Покер» құмар ойынын өткізу үшін жергілікті мейрамханада үй-жайды жалға алғаны, арнайы ойын үстелдерін орнатқаны, ойын фишкалары мен карталарын сатып алғаны анықталды.

Банк шотына түскен қаражаттардың жалпы сомасы 32 миллион теңгеден асқан.

Сот үкімімен аталған азамат кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 айға бас бостандығынан шартты түрде айыру жазасы тағайындалды.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды