Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған ер адам Біріккен Араб Әмірліктерінен экстрадицияланды

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесі нұйымдастырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады.

Бас прокуратура

Алматы, NEGE. Күдікті 2023-2024 жылдар аралығында Атырау облысында букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 21 млн теңге көлемінде пайда тапқан.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды.

2024 жылдың тамыз айында ол Абу-Даби қаласының аумағында ұсталып, кейіннен Қазақстан Республикасына экстрадицияланды.

Айта кетері, ол бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталған.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыс жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

Сот Қуандық Бишімбаевтың туысының кассациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерін скринингке жіберуге міндеттелмек

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен түскен фотосын жариялады