23 августа 2024 г. 10:28

Заңсыз ойын бизнесі арқылы 3,8 млрд теңге пайда көрген 4 адамға халықаралық іздеу жарияланды

Фото: ҚМА

Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз ойын бизнесі арқылы 3,8 млрд теңге пайда көрген 4 адамға  халықаралық іздеу жариялады.

Алматы, NEGE. Олар: Ресей Федерациясының азаматы Черных Сергей Владимирович, 1993 жылы туған; Украина азаматы Юдина Марина, 1999 жылы туған; Қазақстан Республикасының азаматы Нестеренко Павел Игоревич, 1998 жылы туған; Қазақстан Республикасының азаматы Мусалиева Тұрсын Бегдатқызы, 1996 жылы туған.

«Аталған тұлғаларға қатысты Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағында «1WIN» онлайн-казино түрінде заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыру және басқару, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, заңсыз бас бостандығынан айыру күдігімен іздеу жарияланды. Осыған байланысты қылмыстық әрекеттерден түскен қаражат 3,8 миллиард теңге болған.

Егер сізге іздеудегі тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, төмендегі телефон нөмірлеріне хабарлауыңызды сұраймыз: +7-701-577-56-83 - Іздеу жұмыстары бойынша, +7-701-121-47-65 - Іздеу жұмыстары бойынша, +7-727-279-20-86 - кезекші бөлім. Анонимділік пен сыйақы кепілдендіріледі. Call-center: 1458», - делінген ҚМА таратқан хабарламада.