Заңгер Арман Дүйсеновтің отбасындағы мәселені өз қолына алғанын айтты

Заңгер Мейірман Шекеев марқұм композитор Арман Дүйсеновтің отбасындағы мәселе бойынша істі өз қолына алғанын мәлімдеді. 

instagram.com/ zhunusova.makpal

Астана, NEGE. Бұған дейін марқұмның әйелі Айсұлу Алданқызы кенже ұлы, қарт әкесімен бірге тұрып жатқан пәтерінен айырылып қалу қаупі бар екенін айтып, сұхбат берген. Айтуынша, қайтыс болған үлкен ұлы Абылайдың досымын деп таныстырған жігіт олардан пәтерді босатуды талап етіп, сотқа берген.

Қылмыстық іс әлі қаралып жатқанымен, Алматы қаласындағы Бостандық аудандық соты пәтерді босату туралы шешім шығарған.

Заңгердің айтуынша, аталған істе кәмелеттік жасқа толмаған бала бар екені ескерілмеген. Сондықтан ол құжаттардан бұл істің көлеңкелі жақтары өте көп екенін аңғарғанын айтады. 

Бұл істі Бостандық ауданының азаматтық істер жөніндегі соты емес, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарауы тиіс болған, – дейді заңгер.

Айта кетейік, бұған дейін Айсұлу Алданқызы отбасындағы қиын жағдайы туралы айтып, ел президентінен көмек сұраған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады