Заңгер Әділетхан Молдахан 10 тәулікке қамалды

30 наурызда ұсталған заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан 10 тәулік қамауда отырады.

instagram.com/adiletkhan

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Алматы қалалық полиция департаменті хабарлады.

«Сот бұрын сотталған күдіктіге 10 тәулікке дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Өзге ақпарат Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді», – делінген полиция хабарламасында.

Алматыда ұсталған Әділетхан Молдаханға қатысты, полицияның мәлімдеуінше, көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Ол таяуда желідегі парақшасында әл-Фараби даңғылындағы үш адам қаза болған жол апатына қатысты резонансты видео жариялаған еді. Блогер апат алдында көлік жарысы ұйымдастырылғанын, жарысқан көліктердің арасында Полиция департаменті бастығы орынбасарының қызметтік көлігі де болғанын мәлімдеген еді. 

Қазір оқып жатыр

«Тоқтайтын түрі жоқ»: Депутат Алматыдағы апаттан кейін жазаны күшейтуді талап етті

Ұлттық қордан бөлінген қаражыны тексергеннен кейін бірнеше қылмыстық іс тіркелді

Air Astana-ны 21 жыл басқарған Питер Фостер ресми түрде қызметінен кетті

Депутат ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысын арттыру жолдарын ұсынды