USD
USD
USD

Өлімге әкелген көлік жарысы: Алматыда полицейлер тексеріліп жатыр

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Әл-Фараби даңғылындағы үш адам қаза тапқан көлік жарысына Алматы қаласы полиция департаментінің жоғары лауазымды қызметкері қатысуы мүмкін деп есептейді.

Көлік
Фото: Facebook/Мұрат Әбенов

Астана, NEGE. Депутат әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жазба жариялап, полиция қызметкеріне қатысты күдігін жеткізді.

«Алматы полициясының жоғары лауазымды қызметкері жарысқа қатысқан ба? Үш жас жігіттің өліміне әкелген Әл-Фараби даңғылындағы жарысқа қатысушылардың бірі полицей болған деген күдік бар. Сондықтан бәрін жасырып отыр. Ішкі істер министрлігінен түсініктеме беруді сұраймын», – деп жазды Әбенов.

Мәжіліс депутаты желіде заңгер Әділетхан Молдаханның жол апаты туралы айтқан видеосын қоса жариялады. Заңгер жарысқа полиция департаменті басшысының орынбасарларының бірі қызметтік көлікпен қатысқанын айтады.

«Жарысқан бес көліктің ішінде Полиция департаменті бастығы орынбасарының қызметтік көлігі жүр. Бір күнде бір миллион теңге айыппұлға түскен және жалған мемлекеттік нөмірмен жүр. 21-і күні көлік негізінен автошаруашылықта тұруы керек. Қандай баянхат жазсаң да, түнде ішу, қос тұтас сызықты кесіп өту үшін жеке шаруаңа пайдалануға құқығың жоқ. Оны инспекторлар немесе басқа біреулер тоқтала алады дейсіңдер ме? Жоқ, тоқтата алмайды. Ондай полицейлерді Алматыда тоқтата алмайды. Мұны Президент әкімшілігі немесе ішкі істер министрі назарға алуы керек», – дейді Әділетхан Молдахан.

Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов бірнеше адамның өліміне әкеп соқтырған көлік жарысына полицейлердің қатысы болуы мүмкін деген күдікпен қызметтік тексеріс жүріп жатқанын мәлімдеді.

«Полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Олардың әрекетіне нақты құқықтық баға беріліп, қызметкерлердің кінәсі дәлелденсе, барынша қатаң шара қолданылады», – деді ол.

Айта кетейік, бұл жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы Алматыдағы әл-Фараби даңғылында 21 наурызға қараған түні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, апат алдында көше жарысы болған. Соның салдарынан үш адам қаза тапты. 

Жол апатына ұшыраған Zeekr жүргізушісі жансақтау бөлімінде жатыр. Қабдұлдиновтің айтуынша, қазіргі уақытта оған қатысты тергеу амалдары жүргізілмейді. Жағдайы тұрақталған соң палатаға ауыстырылады, содан кейін бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу белгіленеді. Жүргізуші қан анализін тапсырған, бірақ нәтижесі әлі шыққан жоқ. Алайда нәтижелерді жариялауды кешіктіру себебі түсініксіз – есірткі мен алкогольді тексеру орта есеппен бес минут уақытты алады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық екі клуб Еуропада үздік ондыққа енді

футзал

Шілдеден бастап Қазақстанда несие алу қиындай түседі

Теңге

Жүк көліктерін заңсыз тіркеген: Алматыда «ЦОН» қызметкерлері сотталды

ХҚКО

Президент қысқы Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовты марапаттады

Тоқаев, Хамитов