ВТБ Қазақстандағы еншілес банкінен 45,19 млрд теңге дивиденд алады

«Банк ВТБ (Қазақстан)» АҚ-ның жалғыз акционері – ресейлік Банк ВТБ – 2025 жылғы қаржылық есепті бекітіп, табысты қалай бөлу тәртібін шешті.

vtb-bank.kz

Астана, NEGE. Соған сәйкес, 45,19 млрд теңге дивиденд ретінде төленеді. Бір жай акцияға 6 127,11 теңгеден келеді.

Ақша акционердің шотына 90 күн ішінде теңгемен аударылады және бейрезидент табысына салынатын салық ұсталады.

2024 жылғы көрсеткішпен салыстыратын болсақ, ол кезде банк 41 млрд теңге таза пайда тапқан. Оның 32,37 млрд теңгесі дивидендке бөлініп, бір акцияға 4 389,58 теңгеден төленген. Ал 8,6 млрд теңге компанияда қалдырылған.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда тұрғын үй бағасы арзандай бастады

Назарбаев университеті пәтерінде табылған қару-жарақ: қылмыстық іс қозғалды

Кәрім Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы «Дикий Арманмен» дос болғанын растады

Астанада LRT-нің Қосшы бағытындағы екінші кезеңінің құрылысы басталды