22 января 2021 г. 17:36

«Вор в законе» Леха Маймыш Абайдың қара сөздерін аударды

Фото:

«Дикий Арман» деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев әлеуметтік желідегі парақшасына көңіл аударарлық видео жариялады.

Әлгі видеода «вор в законе» Леха Маймыш – Айтқали Маймышев А.Жұмагелдиевтің анасына әлдебір кітаптарды тарту етеді.

«Айналайын, қош келдің Стамбұлға. Арнайы мен үшін келгеніңе өте қуаныштымын», – деген әйел өзіне бірнеше шағын кітапша сыйлаған Леха Маймышқа қарата былай дейді:

– Бұл кітап – Абайдың қара сөздері. Айтқали деген інім өзі аударып, бүкіл Абайдың жүрегін әдемілеп келтіріп, осындай кітап шығарыпты. Сол кітапты арнайы Антальядан осы жаққа маған әкеліп беріп отыр. Рахмет!

Өткен жылы Nege.kz порталында Айтқали Маймышев туралы «Батпайтын Титаник» деп аталатын зерттеу материал жариялағанбыз. «Вор в законе» Леха Маймыш туралы сонда егжей-тегжейлі айтылады.

63 жастағы Айтқали Маймышев 20 жылдан астам өмірін түрлі колонияларда өткізген. Қылмыс әлемінде оны интеллектуал деп біледі екен. Сондай-ақ Леха Маймыш әдебиеттің, көркемсурет пен кино өнерінің тамаша білгірі саналатын көрінеді.

Ол түрмеде жалғыз адамдық камерада жатқан кезінде уақытын босқа өткізбей, Абайдың қара сөздерін өлең формасына келтіріп аударып шыққан деседі. Мына аудармалары сол кезде жазылған болуы әбден мүмкін.

Анау-мынау емес, Абайға «ауыз салғанына» қарағанда, Леха Маймыштың өзі де оңай-оспақ болмаса керек, сірә. Біз оның аудармаларын қолға түсіріп, назарларыңызға ұсынуға тырысамыз.

Тегтер: