Виктория Графеева бокстан Әлем кубогының жартылай финалына шықты

Қазақстандық Виктория Графеева бокстан Астанада өтіп жатқан Әлем кубогының ширек финалында жеңіске жетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақта Түркия елінің өкілі Гизем Озерға қарсы айқасты.

Бірінші және екінші раунд тең дәрежеде өткенмен, үшінші раундта Виктория қарсыласын бірнеше рет нокдаунға жіберіп, жеңісті суырып алды.

Осылайша, ол жартылай финалға өтіп, Әлем кубогының қола медалін қамтамасыз етті.

Айта кетейік, бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 келіге дейін), Назым Қызайбай (48 келіге дейін), Бекзад Нұрдәулетов (85 келіге дейін), сондай-ақ бір күн бұрын Надежда Рябец (75 келіге дейін) жартылай финалға өткен еді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?