Виктория Графеева бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Бұрымды боксшымыз 60 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Виктория 1/4 финалда Өзбекстан елінің боксшысы Ситора Турдибековамен қолғап түйістірді.

Алғашқы раунд тең дәрежеде өтті. Дегенмен Виктория Графеева жекпе-жектің екінші және үшінші кезеңінде басым түсті. Осылайша, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?