Виктория Графеева бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медальға ие болды.

ҰОК

Алматы, NEGE. Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті.

Виктория бұл кезеңде бразилиялық Ребека Де Лима Сантоспен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша бразилиялық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Осылайша, Виктория Графеева (60 келіге дейін) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?