Виктор Цойдың жанкүйері музыканттың қабірі басында көз жұмған

Қайғылы жағдай 18 қаңтарда Санкт-Петербургтегі Богослов зиратындағы рок-музыкант Виктор Цойдың қабірі басында болған.

instagram.com/group_kino_officia

Астана, NEGE. Виктор Цой шығармашылығының жанкүйері болған 47 жастағы әйел қабір басында қайтыс болды, деп жазады «МК в Карелии» басылымы.

Бұл ақпаратты 19 қаңтарда құқық қорғау органдары растаған.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, «Кино» тобының жанкүйері болған әйел қабір басына екі танысымен барған. Оқиға орнында жұмыс істеген мамандар өлімнің қылмыстық сипатын жоққа шығарған. Криминалистердің алдын ала мәлімдеуінше, қайғылы жағдайға сапасыз алкоголь себеп болуы мүмкін.

Қайтыс болған әйелдің екі танысы мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілген. Қазіргі уақытта осы факт бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты