9 марта 2026 г. 23:39

Вьетнамда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды

Фото: instagram.com/ruzana_2307

Вьетнамда жоғалып кеткен қазақстандық Әсем Әубәкір табылды. Бұл туралы оның әпкесі Рузана Жүсіпова хабарлады

Алматы, NEGE. Әпкесі қазір Әсемнің жағдайы туралы ештеңе айта алмайтынын жеткізді. 

Ол іздеуге көмектескендердің бәріне, сонымен қатар құзырлы органдарға алғыс білдірді.

«Қазіргі сәтте ол консулдың жанында. Әзірге басқа ештеңе айта алмаймын. Ең бастысы – оның табылғаны. Барлығыңызға үлкен рахмет», – деді әпкесі.

Естеріңізге сала кетейік, Әсем Әубәкір 6 наурыздан бері байланысқа шықпаған.

Жоғалып кеткен қыздың әпкесі Рузана Жүсіпова әлеуметтік желі арқылы халыққа үндеу жасады. Оның айтуынша, 26 жастағы Әсем Қазақстан консулымен кездесу үшін Ханой қаласына баруды жоспарлаған. Бірақ әуежайдан шамамен 20 шақырым алыстағаннан кейін онымен байланыс үзілген.