Үйінде аса ірі көлемде есірткі сақтаған Шу тұрғыны ұсталды

Шу тұрғыны үйінде аса ірі көлемде есірткі сақтаған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Жамбыл облысында Шу қаласының 41 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындады және сақтады деген күдікке ілінді.

Ер адамның үйін және іргелес аумақтарды тінту кезінде есірткі қойылған бірнеше жасырын орындар анықталды. Сараптама нәтижелеріне сәйкес, табылған заттар салмағы 2 келіден асатын гашиш және 23 грамнан астам кептірілген марихуана болып шықты. Күдікті есірткіні әйелі мен кәмелетке толмаған үш баласы бола тұра бірге тұратын үйлерінде сақтаған.

Есірткіні өңдегеннен кейін қалған қалдықтарын жақын жерде кішкентай балалар ойнап жүргеніне қарамастан, бақшасында өртеп жіберген. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтағаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төніп тұр.

Қазір оқып жатыр

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады