Үш облыста ескерту жарияланды

Синоптиктер еліміздің үш облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды «Қазгидромет»РМК өкілдері.

  

Алматы, NEGE. 12 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, түнде кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Түркістан облысында тауда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде секундына 15-20 метр болады.   

Республиканың басқа өңірлеріне келетін болсақ, Атырау, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Атырау облысында күндіз боран соғып, жел күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, боран соғады, жел күшейеді.

Маңғыстау облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, секундына 15-20 метр жел күшейеді.

Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында секундына 23 метрге дейін жел күшейеді, түнде кей жерлерде тұман түседі. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде көктайғақ болады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында тұман түседі.

Қазір оқып жатыр

Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен қаражат алынбайды

Депутат әкімшілік амнистияны «екі ұшты таяқ» деп бағалады

Алатау қаласы туралы заң жобасын әзірлеуде Қытай, Корея және Дубай тәжірбиесі ескерілген

Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады