21 сентября 2025 г. 9:45

Үш сағат бойы іздеген: Павлодарда жоғалып кеткен алты жасар қыз табылды

Фото: Полиция

Павлодарда жоғалып кеткен алты жасар қыз табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Павлодар қаласының полициясына 6 жасар қызын іздеген ана көмек сұрап жүгінді.

– Түстен кейін әжесімен бірге аулаға ойнауға шыққан. Ойынға беріліп кеткен бүлдіршін Камзин көшесіне қарай кетіп қалған, әжесі қуып жете алмаған. Олар шамамен бір сағат бойы өздері іздеп көрген, бірақ нәтиже болмаған соң полицияға жүгінген. Полицейлер бірден қыздың қайда екенін анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шараларын бастап, жақын маңдағы барлық ауланы тексеріп, тұрғындардан сұрастырды. Іздеуге еріктілер де қосылды, - деп хабарлады Павлодар облысының ПД қызметкерлері.

Үш сағаттан кейін Сәтпаев пен Ломов көшелерінің қиылысында бүлдіршінді жолда кетіп бара жатқан адамдар тауып, полицияға хабар берген. Әңгіме барысында қыз адасып кеткенін және үйіне қайтар жолды таба алмай жүргенін айтқан. Үйін табуға тырысқан сайын өзі тұратын жерінен алшақтап кеткен.

– Қызымды табуға көмектескен азаматтарға және полицейлерге көп рақмет, – деді көзіне жас алған анасы.