Үш қазақстандық боксшы Странджа турнирінің жартылай финалына шықты

София (Болгария) қаласында бокстан халықаралық "Странджа турнирі" өтуде. Бірнеше қазақстандық боксшы турнирдің жартылай финалына шықты.

ҰОК

Алматы, NEGE. 86 келіге дейінгі салмақта Бекзат Нұрдәулетов француз Абулайе Траоремен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша Бекзат 5:0 есебімен жеңіске жетіп жартылай финалға өтті.

Сондай-ақ 86 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай ағылшындық Скотт Тигнмен кездесіп, 5:0 есебімен басым түсті. Осылайша жартылай финалға жолдама алды.

Өз кезегінде Айбек Оралбай да жартылай финалда өнер көрсететін болады. Ол ирландиялық Годстайм Идемудианы 5:0 есебімен жеңді.

Тағы бір қазақстандық боксшы Фарух Тоқтасынов ағылшындық Патрик Хейвитті жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады