Ұлттық кеңес: Жәрдемақыда отбасы табысы ескерілмейді

Президент жаңа жәрдемақыда неліктен отбасы табысы ескерілмейтінін түсіндірді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жылдан бастап көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақыда неліктен отбасының табысы ескерілмейтінін түсіндірді. 

«Үкімет алдында мұқтаж отбасыларды атаулы әлеуметтік көмекпен әділ қамтамасыз ету тапсырмасы тұр. Олардың ішінде көпбалалы отбасылар да бар. Осы орайда қоғамдастықтың және Ұлттық кеңес мүшелерінің жаңа форматтағы көмекті көрсету кезінде отбасы табысын ескермеу туралы ұсынысы ескерілді. Расында да әр табысты жеке-жеке есептеу туралы норма қиындау. Салдарынан ұрыс-керіс, ажырасу, «жұмыстан шығу», жемқорлық сияқты факторларды туады, – деп түсіндірді Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады