Ұлттық Олимпиадалық комитет бокс бәсекесіндегі кейбір төрешілердің жұмысына күмән келтірді

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақстандық боксшылардың жекпе-жегінде жұмыс істеген кейбір төрешілердің қызметіне күмән келтіретінін мәлімдеп, PBU-ға (Paris boxing Unit) жүгінді.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Сонымен қатар, кейбір төрелік кезіндегі біржақтылыққа назар аударуды сұрады.

Олимпиада ойындарындағы бокс бәсекесін ұйымдастырушылар бұл ескертуге назар аударып, аталған жағдайға қатысты зерттеу жүргізуге уәде берді. Аталған төрешілерге қатысты іс қозғалды.

Осы орайда, бұл іс-шараның жекпе-жектер нәтижесіне әсер етпейтінін ескеру керек. Ережеге сәйкес, аяқталған жекпе-жектер нәтижесі қайта қаралмайды. Алайда, төрешілердің өз қызметінде қателік жібергені дәлелденсе, олар қызметтен шеттетілуі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда мемлекеттік мүлікті арзан бағаға сатуға тыйым салынды

Тоқаев пен Мирзиёев Түркістанда Өзбекстан басшысы тарту еткен мешітке барды

Тоқаев Түркістан қаласына ұшып барды

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі бесінші баласын дүниеге әкелді