Украинаның бас прокуратурасы Айдос Садықовтың өліміне қатысты қылмыстық істі қайта саралайды

Украинаның бас прокуратурасы Айдос Садықовтың өліміне қатысты істі қайта саралайтынын мәлімдеді. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Журналист Айдос Садықовтың өліміне байланысты Украинаның құқық қорғау органдары бапты тапсырыспен жасалған кісі өлтіру санатына ауыстырады. Бұған дейін оларға адам өлтіруге оқталған деген айып тағылған.

«Құқық қорғау органдары қылмысқа қатысы бар делінген күдіктілерге тағылған айыпты «Адам өлтіруге оқталудан» «Адамдар тобының тапсырысымен және алдын ала сөз байласуымен жасалған қасақана кісі өлтіруге» (Украинаның Қылмыстық кодексі 115-бабының 11, 12, 2-бөлігі) өзгерту туралы хабарлама әзірлеп жатыр», - делінген хабарламада. 

Сотқа дейінгі тергеуді Киев қалалық прокуратурасының процессуалдық басшылығымен Киевтегі Ұлттық полицияның бас басқармасы жүргізіп жатыр.

Украина заңнамасына сәйкес, егер қылмыс дәлелденсе, қылмыскерлер он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы немесе мүлкі тәркіленіп, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті