Украинадағы Қазақстан оппозиционері Айдос Садықов комада жатыр

Отбасымен Украинаға қоныс аударған Қазақстан оппозиционері Айдос Садықовты атып кеткеніне бірнеше күн болды.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE.Тиген оқ оны басынан жарақаттаған. Ол ауыр халде ауруханаға түскен.

24-маусым күнгі таңда таратылған ақпаратқа қарағанда, Айдос Садықов, жансақтау бөлімінде терең комада жатыр. Мұндай деректі оппозиционердің жұбайы Наталья Садықованың Фейсбук парақшасына жазған постына сілтеме жасап Украинаның «РБК-Украина» басылымы жазды.

Жұбайының сөзінше, дәрігерлер Айдос Садықов ғайыптан тірі қалмаса, аман шығуы екіталай екенін айтыпты.