21 июня 2024 г. 9:50

Украинада оппозиция белсендісі Айдос Садықовқа қастандық жасауы мүмкін күдіктілер анықталды

Фото: ғаламтордан

Бұл туралы Айдос Садықовтың жұбайы Наталья Садықова мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Оның айтуынша, күдіктілер «әлдекімнен бұйрық алып, Айдосты аңдыған және қылмысты ұйымдастырған» Қазақстан республикасының екі азаматы болуы мүмкін.

Садықованың айтуынша, олардың бірі Қостанай облысының полициясында жұмыс істейді және тапанша атудан Қостанай облысы полицейлерінің арасында жеңімпаз атанған. Ал екінші күдіктіге қатысты мәлімет жоқ.

Украина прокуратурасы А.Жақанбаев, М.Қаратаев деген күдіуктілерге қатысты мәлімдеме жасады. Н.Садықованың сөзіне қарағанда, Айдос Садықовды «құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін және тапанша атудан чемпион» М.Қаратаев атқан болуы мүмкін. Ал басына оқ тиген Айдос Садықовтың жағдайы өте ауыр.