ҰҚК OrdaMed компаниясының басшысы Ділімбетовті іздестіріп жатыр

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында медициналық бұйымдар шығаратын «OrdaMed» АҚ басқарма төрағасы Еркін Ділімбетовке іздеу жарияланғаны туралы ақпарат шықты.

instagram/yerkin.dlimbetov

Астана, NEGE. Порталдағы дерекке сәйкес, 44 жастағы Ділімбетовті іздеу ісі 28 қаңтарда тіркелген. Іздеуге Ұлттық қауіпсіздік қызметі бастамашы болған. 

«Туған күні: 10.03.1981, жынысы: еркек, Қазақстан Республикасының азаматы, қазақ. Іздестіру ісі 28.01.2026 «Астана» өңірінде тіркелді. Бастамашы: ҚР ҰҚК», – деп көрсетілген іздеу дерегінде.

Еске салсақ, бұған дейін ҰҚК фармацевтика саласындағы қылмыстық схема әшкереленгенін хабарлаған еді. Атап айтқанда, ҰҚК дерегінше, OrdaMed АҚ басшылығы Қазақстан аумағында өз өндірісі бар екені туралы жалған құжаттарды пайдаланып, халықтың әл-ауқаты мен денсаулығын қамтамасыз ету үшін аса қажет 28 атаудағы медициналық жабдықты мемлекеттік емдеу мекемелеріне жеңілдетілген шарттармен жеткізу бойынша заңсыз преференциялар алған. Сол арқылы мемлекетке 4,5 млрд теңге көлемінде залал келтірілген.

Сот санкциясымен компанияның техникалық директоры, бұрынғы басқарма төрағасы және өндірістік басқарма басшысы қамауға алынған.

Көп ұзамай OrdaMed директоры Еркін Ділімбетов желідегі жеке парақшасында жазба жариялап, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің айыптауына жауап берді. Оның мәлімдеуінше, компания іс жүзінде жеткізілмеген жабдық үшін төлем алмаған, мемлекеттiк келiсiмшарттар толық көлемде орындалған.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады