ҰҚК Алматы маңынан екі шетел азаматын ұстады

ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті аса ірі көлемде синтетикалық есірткіні өндіру және тарату әрекетін тоқтатты.

ҰҚК

Алматы, NEGE. 2024 жылғы 3 қаңтарда Алматы қаласына жақын орналасқан жалға алынған жеке үйде есірткіні дайындау кезіндегі қылмыс үстінде жедел қызметкерлер екі шетел азаматын ұстады.

Тінту барысында заңсыз айналымнан 30 кг «альфа-PVP» психотропты затының дайын өнімі, сондай-ақ 5.5 тоннадан астам прекурсорлар алынды.

Қолда бар мәліметтер бойынша есірткілер интернет арқылы сату жолымен Қазақстанда таратылуға арналған.

Сот шешімімен фигуранттарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті