UFC-дегі алғашқы қазақстандық әйел бокста дебюттік жекпе-жегін өткізді

27 қыркүйекте Атлантада (Джорджия, АҚШ) қазақстандық Мария Агапова кәсіпқой бокс ережесі бойынша алғашқы жекпе-жегін жеңіліп көрмеген германиялық Николь Шеферге (3-0-1, 3КО) қарсы өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Екінші жеңіл салмақтағы жекпе-жек алты раундқа созылып, тең аяқталды. Төрешілер есебі – 57:57, 57:57, 57:57.

Айта кетейік, Мария Агапова бұған дейін MMA-да өнер көрсетіп, UFC лигасының файтері болған. Аралас жекпе-жекте 15 кәсіпқой жекпе-жек өткізіп, 10 рет жеңіске жетіп, 5 рет жеңіліске ұшырады.

Ал Николь Шефер бокстағы екінші жекпе-жегін тең аяқтады. Сондай-ақ ол үш мәрте жеңіске жеткен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Депутат Қазақстанда тағы бір тілді ресми тіл ретінде тануды ұсынды

Брокер орташа табысы бар отбасыларға тиімді үш ипотекалық бағдарламаны атады