8 апреля 2025 г. 5:59
Түркістанда қызғалдақ терген тұрғын 12 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін
Түркістан облысында қызғалдақты жұлған тұрғын 12 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін.
Алматы, NEGE. Қызыл кітапқа енген гүлді теріп алып, көлігіне салған әйелдің бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.
Заңды бұзған азаматшаның Шымкент қаласының тұрғыны екенін анықталды. Ол дала гүлдерін Ордабасы ауданы Ұялыжар ауылы маңындағы алқапта жинаған.
Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.