Түркістан облысының тұрғыны есірткі өсіру үшін өз үйінде фитозертхана ұйымдастырған

Түркістан облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері 38 жастағы ер адамды ұстады.

Полиция

Алматы, NEGE. Күдікті құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірген.

«Оның үйінің бақшасынан заңсыз фитозертхана анықталды. Арнайы жабдықтар мен жалпы салмағы 60 килограмнан астам есірткі салынған қаптар тәркіленді. Сонымен қатар күдіктінің үйінен екі атыс қаруы табылды. Сараптамалар тағайындалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда», - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Қазір оқып жатыр

Демалыс күндері ел аумағында қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді, үсік жүреді

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

6 өңірден салымшы тартқан: Таразда Еnvida ai қаржы пирамидасын құрушылар тексеріліп жатыр

«Бетінің сау тамтығы қалмаған»: Түркістан облысында бес жасар қызды ит талады