18 ноября 2025 г. 10:53

Түркістан облысындағы өрт: 3 адам жан сақтау бөлімінде жатыр

Фото: primeminister.kz

Дәрігерлер Түркістан облысындағы жеке үйден шыққан өрттен аман қалғандардың жағдайы туралы айтты. 

Астана, NEGE. Аймақтық денсаулық сақтау басқармасы өлімге әкелген өрттен аман қалған үш адамның жағдайы туралы ақпарат берді.

Оқиға орнынан екі ересек адам мен бір бала емдеу мекемелеріне жеткізілді. Үшеуі де реанимация бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалауда.

«Жедел медициналық қызмет желісі бойынша күшейтілген жұмыс режимі енгізілді. Облыстық денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар жіберілді, қажетті дәрі-дәрмек және психологиялық қолдау қамтамасыз етілді. Жағдай басқарма бақылауында», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Түркістан облысы, Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйден шыққан өрт салдарынан 12 адамның денесі табылған. Оқиғаға байланысты Үкіметтік комиссия құрылды.