USD
USD
USD

Түркістан облысында алапат өрттен 12 адам қаза тапты

Түркістан облысында алапат өрттен 12 адамның денесі табылды. Олардың ішінде балалар да бар.

Түркістан
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Түркістан облысы ТЖД «101» пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімі келген кезде үй толықтай өртке оранған.

Өртті барлау және сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылды, – делінген хабарламада. 

Көршілердің айтуынша, алдыңғы күні үй иелері іс-шара өткізіп, үйде қонақтар болған.

Өрт толықтай сөндірілді. Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Тергеу басталды, өрттің шығу себептері анықталуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адамдардың өліміне байланысты көңіл айтты. Мемлекет басшысы Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды

Тоқаев

+35°С ыстық және үсік: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы жарияланды

ауа райы болжамы

Қызылорда облысында учаскелік инспектор қаза тапты: күдіктіге іздеу жарияланды

ІІМ

Amanat Drive қаржы пирамидасының басшысы 8 жылға сотталды

Көңілбай Шүкен