Түркімен президенті циркте өнер көрсетті

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердымухамедов Жаңа жыл мерекесі қарсаңында циркке барып, ат ойнатып қайтты. Түркімен басшысының цирк қызметкерлерін құттықтап, оларға өзі сыйлаған ахалтекені мініп көрсеткені туралы сюжет YouTube-тағы Watan Habarlary арнасында тарады.

Алматы, NEGE. Халықаралық ахалтеке ат спорты орталығындағы кездесуде түркімен президенті «Галкыныш» ұлттық ат ойындары тобының өнерпаздарының қойылымын тамашалаған. Қойылым соңында ат спорты орталығының қызметкерлерімен тілдесіп, оларға арнайы сыйлық үлестірді.

Президент атбегілер мен шабармандарға «Ровач» есімді аты туралы өзі шығарып, өзі орындаған рэп-композияциясын сыйлады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады