Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің спорт министрлері Ташкентте бас қосты

Ташкентте Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдердің жастар саясаты мен спорт саласына жауапты министрлерінің 9-шы отырысы өтті, деп хабарлады Kazinform.

abai.kz

Алматы, NEGE. Іс-шараға қатысқан қазақстандық делегацияны Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бастап келді. Отырыста жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты нығайту, ұлттық және бірлескен бағдарламаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

Сондай-ақ ведомство басшылары түркі елдерінің жастары арасында ортақ мәдени құндылықтарды ілгерілетуге ерекше назар аударды.

Отырыстың қорытындысы бойынша ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің жастар саясаты және спорт саласындағы бірлескен келешек жоспары қабылданды.

Еске салайық, биыл 18 қыркүйекте Қырғызстан астанасында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары мен вице-президентінің отырысы өтті.

Сондай-ақ, 7 қазанда өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің XII саммитінде сөз сөйлеген Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ұйымға мүше елдерді қауіпсіздікті одан әрі нығайтуға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады